Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбе облысындағы мектепте 6 жасар баланың үстіне шкаф құлап кетті: Ешкім жазаланбайды - Қазақстан жаңалықтары

Ақтөбе облысындағы мектепте 6 жасар баланың үстіне шкаф құлап кетті: Ешкім жазаланбайды - Қазақстан жаңалықтары

Ақтөбе облысының Бестамақ аулындағы мектепте 6 жасар баланың үстіне шкаф құлап кеткені үшін ешкім жазаға тартылмайтын болды.

 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Диапазон» порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұған дейін белгілі болғандай, ақпан айының соңында 0-сынып оқушысының үстіне шкаф құлап кетіп, салдарынан баланың ерні жыртылып, денесі көгеріп қалған. 

Алға аудандық білім бөлімінің бас маманы Жанар Өтепбергенованың сөзінше, бала өзі шкафтың ішіне тығылып, басын жоғарыдағы сөреге соғып алып, ернін тістеп алған. Тәрбиеші оны бақылай алмай қалыпты. Ал көмек көрсететін мейірбике оқиға орнында болмаған. 

Болған оқиға үшін ашуланып, наразы болған баланың ата-анасы оның жарақаттанған суретін желіде жариялаған. Осыдан кейін полиция істі қолға алыпты. 

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабына (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) сәйкес іс қозғалды. Алайда қылмыс құрамы болмағандықтан, іс тоқтатылды. Ата-анасының шағымы жоқ», - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 
 


stan.kz
Автор
Жандос