Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбе облысында жас мұғалімнің денесі өз үйінен табылды

Ақтөбе облысында жас мұғалімнің денесі өз үйінен табылды
Фото: pixabay

Ақтөбе облысы Темір ауданына қарасты Еңбекші ауылында жас мұғалімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2002 жылы туған азаматтың денесі өзі тұрып жатқан үйінен анықталған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.

Марқұм Темір ауданындағы Еңбекші ауылындағы мектеп-балабақшада тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Ақтөбе облыстық білім басқармасының мәліметіне сәйкес, ол еңбек жолын Маржанбұлақ ауылында бастап, 2025 жылдың ақпан айынан бері Еңбекші мектеп-балабақшасында қызмет атқарған. Басқарма өкілдерінің айтуынша, жас маман өз міндетін жауапкершілікпен орындап, жұмыс барысында басшылық тарапынан ешқандай ескерту алмаған.

Оқиғаның нақты себептері тергеу қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.