"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбе облысында ер адам құдыққа құлаған қызды құтқармақ болып мерт болды

Ақтөбе облысында ер адам құдыққа құлаған қызды құтқармақ болып мерт болды
Фото: instagram.com/galymbek_zhaxylyk

Оқиғаға куә болған 1987 жылы туған жергілікті тұрғын, еркін күрестен белгілі бапкер Нұрбол Бердіғалиев, қызды құтқару үшін еш ойланбастан құдыққа түскен. Алайда ол да сыртқа шыға алмай, тұншығып қалған болуы мүмкін.

Құтқару қызметі оқиға орнына дереу жетіп, екеуін де ес-түссіз күйде құдықтан алып шықты. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, өкінішке қарай, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады.

Марқұм Нұрбол Бердіғалиевтің ерлік әрекеті ел ішінде үлкен резонанс туғызды. Ол туралы "Auyl sport" жобасының жетекшісі Ғалымбек Жақсылық әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, бапкердің өмірінің соңына дейін ерлік пен адамгершілік танытқанын атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.