Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбе облысында 23 жастағы мұғалім өз-өзіне қол жұмсады

Ақтөбе облысында 23 жастағы мұғалім өз-өзіне қол жұмсады
ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында 23 жастағы жас педагогтың қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, мұғалім өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Алайда оны мұндай қадамға не итермелегені әзірге белгісіз.

Марқұм Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округіне қарасты Еңбекші мектебінде тарих пәнінен сабақ берген. Әріптестері оның жұмысына жоғары баға беріп, бірнеше күн бұрын ғана ашық сабақ өткізгенін айтады.

Аталған факті бойынша Темір аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кіріскен.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер