Абай облысына 4,4 трлн теңге инвестиция тартылмақ: Тоқаев Берік Уәлиге нақты тапсырмалар берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбе нөсерден кейін су астында қалды: көшелер мен аулаларды су басты

Ақтөбе нөсерден кейін су астында қалды: көшелер мен аулаларды су басты
Фото: видеодан скрин алынды

Ақтөбеде толассыз жауған жаңбыр салдарынан қала көшелерін, аулаларды және бірқатар нысандарды су басты. Қатты нөсерден кейін тұрғындардың жаяу жүруі қиындап, көліктер үлкен шалшықтар арқылы әрең қозғалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан көшелердің өзенге айналғанын, тұрғын үйлердің аулалары мен сауда орталықтарының аумақтарын су басқанын көруге болады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, соңғы үш апта ішінде Ақтөбеде бір жылға жуық жауын-шашын мөлшері түскен. Осыған байланысты қолданыстағы жүйе судың мұндай көлемін қабылдауға қауқарсыз болып отыр.

Қазіргі уақытта коммуналдық қызмет мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Арнайы техника су басқан аумақтардан суды сорып шығарып жатыр. Дегенмен жауын-шашынның көптігі салдарынан су тасқынының салдарын толық жою оңай болмай отыр.

Мамандар тұрғындарға ауа райы болжамын қадағалап, қажетсіз жағдайда көшеге шықпауға кеңес береді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.