Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Ақтөбе» ФК жанкүйерлері басшылыққа наразылық білдірді

«Ақтөбе» ФК жанкүйерлері басшылыққа наразылық білдірді
интернет желісінен

Ақтөбе футбол клубының жанкүйерлері өзін клубтың жаңа басшысы ретінде таныстырған Арман Оспановтың қызметтен кетуін талап етті. Жанкүйерлердің айтуынша, оның қала тұрғындарына қатысты айтқан мәлімдемелері ақтөбеліктердің намысына тиген, деп хабарлайды kznews.kz.

Жанкүйерлер футболдың Ақтөбе қаласы үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтіп, тұрғындарды кемсітті деп айыпталған адамның клубты басқаруға моральдық құқығы жоқ екенін мәлімдеді.

Жанкүйерлер клубтың жекешелендірілуіне және жаңа инвесторлардың келуіне қарсы емес екенін жеткізді. Олардың айтуынша, жеке инвестициялар футбол инфрақұрылымын дамытуға бағытталуы тиіс. Сонымен қатар олар ашық диалогқа дайын екендерін білдірді.

Алайда жанкүйерлер Арман Оспановтың «Ақтөбе» футбол клубына келуіне қарсы екенін және оның қызметтен кетуін талап ететінін ашық айтты.

Бұл мәселеге қатысты клуб басшылығы да пікір білдірді. 8 қаңтар күні «Ақтөбе» футбол клубының кеңсесінде жаңа басқарма төрағасын таныстыруға арналған баспасөз брифингі өткен. Клуб мәліметінше, брифинг барысында жанкүйерлер өз пікірлерін жеткізген, жағдай шиеленіске ұласпай, тараптар арасында түсіністік орнаған.

Клуб басшылығы жанкүйерлермен жақын арада бөлек кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Алайда жанкүйерлер өз сұрақтарына нақты жауап алмағанын айтып, талаптарының күшінде қалғанын мәлімдеді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.