Тәуекел тест-драйвы: Ұлттық банк криптонарыққа 350 млн доллар жұмсамақ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбе-Атырау тасжолында 10 көлік соқтығысты

Ақтөбе-Атырау тасжолында 10 көлік соқтығысты

Оқиға Ақтөбе облысының Ақкемер ауылы маңында болды. Қазір зардап шеккен жолаушыларды дәрігерлер қарап жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе қаласына қалай бағыт алған жүргізушінің бірі жүк көлігін көрмей қалған. Сол кезде көліктер бірінен соң бірі жиналып қалды. Барлығы 10 көлік соқтығысып, жол жабылды.

    - Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан ережені қатаң сақтауды сұрап, арақашықтықтың маңызды екенін ескертеді,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ауруханаға жеткізілген адамдардың бәрін дәрігерлер тексерді. Олар жеңіл жараланған.

Ақтөбеде қазір Ақтөбе-Қарабұтақ, Ақтөбе-Атырау және Ақтөбе-Әлімбет бағытындағы республикалық маңызы бар жолдар жабық тұр.

Еске салсақ, Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан көлік жүргізушісі көз жұмды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.