Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда жоғалып кеткен бойжеткеннің мәйіті табылды

Ақтауда жоғалып кеткен бойжеткеннің мәйіті табылды

Ақтауда ақпан айының соңында жоғалып кеткен бойжеткеннің денесі табылды деп жазады «Лада». 2002 жылы туған қыз 11-шағынаудандағы өз үйінен шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды "Азаттық Рухы" сайты.

«Теңіз жағасынан оның киімдері мен жеке заттары: курткасы, жейдесі, бейсболкасы және ұялы телефоны табылды», - делінген аталған басылым таратқан хабарламада.

Бойжеткен үйінен 23 ақпан күні кешке шығып кеткен. 25 ақпанда анасы полицияға хабарласып, қызының жоғалғанын айтқан. Полицейлер жоғалған қыздың мәйітін сол күні 4-ші «А» шағынауданынан тауыпты. Оның денесінде зорлық белгілері болмаған.

«Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін өзі өлтіруге жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Автор
Нұрсұлтан