Шоу-бизнес

Ақтауда жедел жәрдем келгенше 12 жастағы бала көшеде қайтыс болды

KZNEWS KZNEWS
Ақтауда жедел жәрдем келгенше 12 жастағы бала көшеде қайтыс болды

Ақтауда 12 жастағы бала жедел жәрдем көлігі келгенше, көшеде қайтыс болды.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенсек, көшеде ес-түссіз жатқан баланы кездейсоқ әйел тауып алып, жедел жәрдем шақыртқан. Жедел жәрдемді 40 минуттай күтсе де, ешқандай ем-дом көрсетпей, ата-анасының келгенін күткен. Алайда Маңғыстау облысы Жедел жәрдем станциясының директоры Айралбек Шыршықбаев бұл ақпаратты жоққа шығарды.
— Бригадаға шақырту түскеннен кейін сол орынға тоғыз минутта жетті. Баланы бірден тексерді. Алайда баланың жүрегі дәрігерлер келгенге дейін тоқтап қалды. Осыған қарамастан, фельдшерлер 30 минут жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді. Біздегі ереже сондай. Бірақ, өкінішке қарай, бұдан нәтиже болмады. Баланы көшеде өтіп бара жатқан адамдар тауып, хабарлаған, — деді Айралбек Шыршықбаев.
Әзірше ойын баласының неден қайтыс болғаны белгісіз. Арнайы сараптамалар тағайындалып, Маңғыстау облыстық Полиция департаменті тергеп-тексеру жұмыстарын бастап кетті.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz