«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірген сәт видеоға түсіп қалды

Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірген сәт видеоға түсіп қалды

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Қатты соққыдан жаяу жүргінші ұшып түскен, ал Lada көлігінің салонында қауіпсіздік жастығы іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. 14 қаңтар күні түстен кейін Ақтау қаласының орталығында жаяу жүргіншілер жолында ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлады "Лада".

Оқиға 11-шағын ауданда, "Заман" сауда үйіне қарама-қарсы жерде болды. 1968 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Жаяу жүргінші қағып кеткен көліктің жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды, автокөлік айып тұрағына жіберілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Toyota жүргізушісі жол бойында отырған сатушы әйелдерді қағып кетті - видео 

Жаяу жүргіншілер өткелінде ер адамды қаққан сәт қарсы келе жатқан көліктің бейнетіркеуішіне түсіп қалған. Видеодан Lada маркалы көліктің жолдан өтіп бара жатқан жүргіншіні қағып кеткені көрінеді.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=jxHNiVxBClc[/embed]

Жүргізуші "зебраның" алдында көліктер тоқтап тұрғандықтан ер адамды байқамай, бар жылдамдықпен қағып өткен. Қатты соққыдан жаяу жүргінші ұшып түскен, ал Lada салонында қауіпсіздік жастығы іске қосылды.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан