Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда аттракционда балалар жарақат алды

Ақтауда аттракционда балалар жарақат алды

Оқыс жағдай қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болған

Ақтауда аттракционда екі бала жарақат алды: оның бірі ауруханаға жатқызылды, екіншісі дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді, деп хабарлайды Kznews.kz  Lada.kz сайтынасілтеме жасап.

Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметінше оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 306-бабы «Ғимараттарды, құрылыстарды немесе көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болған. Бақылау аттракционның жұмыс аймағының бос екеніне көз жеткізбеген. Аттракцион іске қосылғанда сол маңда Газель көлігі тұрған, балалар соған соғылған.

Қала тұрғындары аттракцион келесі күні  штаттық режимде жұмысын жалғастырғанын айтты.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.