Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда 65 миллион теңгеге салынған ескерткіштің тұғыры қирап жатыр

Ақтауда 65 миллион теңгеге салынған ескерткіштің тұғыры қирап жатыр

Ақтауда тұрғындар Әлнияз Тобаниязовтың ескерткішінің тұғыры қирап жатқанын айтып шағымданды. Сөздерінше, әкімдік ескерткішті қалпына келтіруге асықпайтынын жеткізді. Бұл туралы Kznews.Kaz ақпарат агенттігі Lada.kzбасылымына сілтеме жасап хабарлайды.


Ескерткіш тұғырының  қаптама тақтайшалары түсіп қалған. Ал арматуралары сыртқа шығып кеткен дейді. Дегенмен тұрғын үй-коммуналдық басқарма өкілдері қаладағы нысандардың күтіміне жауап беретін мердігер ұйымды анықтау үшін байқау жүріп жатқанын хабарлады.
"Мердігер компания анықталған соң қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі", - дейді шенділер.

Тобанияз Әлниязұлына арналған бұл ескерткіш 12-шағынауданында ашылған. Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы деректерге сәйкес ескерткішке бюджеттен 65 313 642 теңге бөлінген.
фото: lada.kz
Автор
Нұрсұлтан