Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда 13 жастағы ұл баланы зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Ақтауда 13 жастағы ұл баланы зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Оның дрон арқылы видео түсіретіні белгілі болды

Ақтауда жасөспірім ұл баланы зорлады деген күдікпен ер адам қолға түсті. Бастапқыда ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. Оны полиция департаменті ресми түрде растады, деп хабарлайды kznews.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасалғаны туралы арыз 4 қарашада түскен.

«Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлімі (Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті анықталып, ұсталды және сот шешімімен екі ай мерзімге уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция органдары қажетті тергеу және процессуалдық іс-шараларды толық көлемде жүзеге асыруда.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, арыздағы деректер тексерілуде, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Полиция мәліметі бойынша, қыз баланың жасы – 13, күдіктінің жасы – 29.