KZNews.kz
Аймақ

Ақтауда 10 мың орындық жаңа стадион салу жоспарланды

Асқар Алтайұлы
©depositphotos.com

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтауда 10 мың көрерменге арналған стадионның құрылысы жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Маңғыстау облысының әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиналыста өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорт саласындағы инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.

Спорт саласындағы инфрақұрылымды дамыту бойынша өңірде 41 мемлекеттік спорт мекемесі, 25 мыңға жуық спортшы және 1200-ге жуық жаттықтырушы қызмет атқаратыны хабарланды. Соңғы екі жылда спорт нысандарын жөндеуге 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 7 жаңа нысанның құрылысы жүргізілді. Жеке инвестициялар есебінен және қайырымдылық қорларының қолдауымен бірқатар спорт кешендері салынуда. Ақтауда 10 мың орындық жаңа стадион салу жоспарланған. Сонымен қатар, өңірде 50 метрлік жүзу бассейні мен спортшыларды оңалту орталығының қажеттілігі өзекті мәселе ретінде көтерілді.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →