Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апаты: Ресей Әзірбайжанға өтемақы төлеуге келісті

Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апаты: Ресей Әзірбайжанға өтемақы төлеуге келісті
ТЖМ

Әзірбайжан мен Ресей 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағына қатысты мәселені реттеу жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы екі елдің сыртқы істер министрліктері бірлескен мәлімдеме жариялаған.

Құжатта 2025 жылғы 9 қазанда Душанбеде Әзірбайжан мен Ресей президенттері арасында өткен кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде тараптардың апат салдарын толық реттеуге келіскені айтылған. Оның ішінде өтемақы төлеу мәселесі де қарастырылған.

Мәлімдемеде ұшақтың Ресей әуе кеңістігінде әуе қорғаныс жүйесінің абайсыз әрекеті салдарынан апатқа ұшырағаны көрсетілген.

Екі елдің сыртқы істер министрліктері қабылданған шешімдер өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ тараптар Әзірбайжан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас өзара құрмет, сенім және ортақ мүдделер негізінде нығая беретініне сенім білдірген.

"Қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына тағы да қайғырып көңіл айтамыз", – делінген бірлескен мәлімдемеде.

Айта кетейік, бұған дейін Душанбеде өткен кездесуде Ресей президенті Владимир Путин Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевке апат себептерінің бірі ретінде Грозный аспанында украиналық ұшқышсыз ұшу аппаратының болғанын айтқан еді. Оның сөзінше, ұшақ әуе қорғаныс зымырандарының тікелей соққысынан емес, жарылыс салдарынан шашыраған сынықтардан зақымданған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер