Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтау әуежайына әскери типтегі көліктер мен автобустар жөнелтілуде

Ақтау әуежайына әскери типтегі көліктер мен автобустар жөнелтілуде

Наразылық шаралары салдарынан Ақтау әуежайына көптеген автобус пен әскери үлгідегі жүк көлігі тартылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты КазТАГ–қа сілтеме жасап.

«Автобустар әуежайға бара жатыр. Бір жерден көмек келеді, Алматыдан шығар. Қазір Алматыдан ұшақ келуі керек. Ұлттық ұлан әскерлерінің көліктері де тұр. Бұл әуежай», - дейді автор әлеуметтік желіде тараған видеода.

Кадрларда әскери үлгідегі жүк көліктерінен бөлек қалалық ұзын автобустар да, полиция автобустары да көрініп тұр. Кейбір көліктердің рулінде камуфляж киген адамдар көрінеді. Одан бөлек камуфляж киген адамдар автобустардың арасында жүр. Видеодан байқасаңыз, автобустар мен жүк көліктерінде жолаушылар жоқ.
Автор
Нұрсұлтан