Ақтау тұрғындары қала үстінде ұшып жүрген ұшақ типтес ірі ұшқышсыз ұшу аппаратын видеоға түсірді. Әзірге әскери ведомство оның қандай аппарат екенін және қандай мақсатпен қолданылғанын ресми түрде хабарлаған жоқ, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл жағдай елімізде «Батыл тойтарыс – 2026» стратегиялық оқу-жаттығуына дайындық жүріп жатқан кезеңмен тұспа-тұс келді. Бұған дейін Қорғаныс министрлігі тамыз және қыркүйек айларында Қазақстан аумағында әскери бөлімдер мен техникалардың қозғалысы күшейетінін, сондай-ақ армиялық авиацияның жұмылдырылатынын ескерткен еді.
Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығулар 15–30 қыркүйек аралығында өтеді. Әскери іс-қимылдар Каспий теңізінің жағалауы мен Қазақстанға тиесілі секторында да жүргізіледі.