Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтар депортацияланды

АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтар депортацияланды

АҚШ билігі Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтарын елден депортациялады, деп хабарлайды Kznews.kz  DW-ге сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі мәлімдегендей, 131 заңсыз мигрант арнайы чартерлік рейспен Нью-Йорктен Ташкентке жеткізіледі. Олардың қатарында қазақстандықтар да бар.

Өзбекстан тарапы өз азаматтарының депортациясына байланысты барлық шығынды өз мойнына алған. Елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, рейс 30 сәуірге жоспарланған.

Депортацияланған азаматтар визалық режимді бұзған немесе АҚШ-та болу мерзімі аяқталған адамдар екені атап өтілді. Қазақстандық тарап әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.