"Қыздар мектебіндегі 180 адамның өліміне Иран кінәлі" – Трамптың мәлімдемесі әлемді дүрсілкіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ Венесуэладағы жаңа үкіметті ресми түрде мойындады

АҚШ Венесуэладағы жаңа үкіметті ресми түрде мойындады

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ Венесуэладағы жаңа үкіметті – елдің уақытша президенті міндетін атқарушы Делси Родригес басқаратын билікті – ресми түрде мойындағанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол жаңа билікпен алтынға қатысты «тарихи» келісім жасалғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

АҚШ Венесуэлада уақытша президент міндетін атқарушы Делси Родригес жетекшілік ететін жаңа үкіметті ресми түрде мойындады. Бұл туралы Дональд Трамп Флоридада өткен Латын Америкасы елдерінің көшбасшыларымен саммит барысында айтты.

– Осы аптада Венесуэла үкіметін ресми түрде мойындағанымызды қуана хабарлаймын. Сонымен бірге біз алтын бойынша тарихи келісімге қол қойдық. Бұл келісім біздің елдерге венесуэлалық алтынды және басқа да пайдалы қазбаларды сатуды ілгерілету үшін ынтымақтасуға мүмкіндік береді. Оларда алтын қоры өте көп, жері де бай, – деп келтіреді Трамптың сөзін DW.

6 наурыз күні Вашингтон Венесуэланың алтын өндіру секторына қатысты санкцияларды жеңілдетті. АҚШ Қаржы министрлігі америкалық компанияларға Венесуэладан алтын импорттауға, оны өңдеуге және одан жасалған өнімдерді кейін сатуға рұқсат берді.

Биыл жылдың басында АҚШ Венесуэлада әскери операция жүргізді. Ел президенті Николас Мадуро 3 қаңтарда Каракаста америкалық арнайы жасақтың қолына түсіп, АҚШ-қа әкетілді.

Осыдан кейін мемлекет басшысының міндетін бұрын вице-президент қызметін атқарған Делси Родригес уақытша атқара бастады. Ол Вашингтонның қысымымен түрмелердегі саяси тұтқындарды босатуды бастады.

Родригес сондай-ақ пайдалы қазбалар туралы заңдарды өзгертіп, Венесуэланың мұнай секторын шетелдік инвестиция үшін ашты.

24 ақпанда Дональд Трамп АҚШ Венесуэладан – өзінің «жаңа досы мен серіктесінен» – шамамен 89 млн баррель мұнай алғанын мәлімдеді.

27 ақпанда Делси Родригес Трампты Венесуэлаға қарсы санкцияларды алып тастауға және ел мұнайына салынған блокаданы тоқтатуға шақырды. Оның айтуынша, Мадуроның биліктен кетірілгеніне қарамастан, екі ел бір-бірін «достас мемлекеттер» деп санай алады. Каракас Вашингтонмен «ынтымақтастықтың жаңа күн тәртібін» қалыптастыруға ниетті.

5 наурызда АҚШ Мемлекеттік департаменті Венесуэланың уақытша билігімен дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы келісімге келгенін жариялады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.