АҚШ-тың Техас штатындағы Порт-Артур қаласында орналасқан Valero Energy зауытында жарылыс болып, артынша өрт шықты, деп хабарлайды kznews.kz.
Осыған байланысты билік жақын маң тұрғындарына үйден шықпау режимін енгізді. Бұған ауада күкіртсутек иісінің күшеюі себеп болған. Алдын ала дерек бойынша, апат қыздыру блогындағы техникалық ақаудан туындауы мүмкін.
Компания қызметкерлерінің бәрі қауіпсіз жерге шығарылған. Қалалық қызметтер ауа сапасын бақылауды жалғастырып жатыр. 23 наурыз кешіне қарай ластану деңгейі адам денсаулығына қауіп төндірмейтіні хабарланды.
Айта кетейік, Мексика шығанағы жағалауындағы бұл зауыт тәулігіне шамамен 435 мың баррель өнім шығарып, 700-ден астам адамды жұмыспен қамтиды.