АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақ үйдің символикалық кілтін тарту еткен., деп хабарлайды kznews.kz.
Ақ үйде өткен рәсім барысында Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мағжан Ілиясов Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсырды. Ресми рәсімнен кейін тараптар қысқаша әңгімелескен.
Кездесу кезінде Дональд Трамп биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйде өткен кездесуді жылы естеліктермен атап өтті. Ол Қазақстан Президентімен болған жүздесуден алған әсерімен бөлісіп, екі ел арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өткен.
Символикалық кілтті табыстау АҚШ пен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастың, өзара сенім мен стратегиялық серіктестіктің белгісі ретінде бағаланып отыр.