Құралайдың салқыны: Қазақстандағы киік саны 4,5 миллионнан асты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ пен Иран соғысты тоқтататын болды

АҚШ пен Иран соғысты тоқтататын болды
фото: ISJ.com

Reuters мәліметіне сәйкес, АҚШ пен Иран соғысты тоқтату жөнінде алдын ала келісімге келген. Тараптар АҚШ-тың Иран порттарына қатысты енгізген бұғаттауларын алып тастауға және Ормұз бұғазын қайта ашуға келіскені хабарланған, деп хабарлайды kznews.kz.

Келісім туралы АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social парақшасында жазған. Оның айтуынша, құжат жұма күні Швейцарияда ресми түрде рәсімделуі тиіс. Сонымен қатар Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф те келісім жасалғанын растаған.

Алдын ала келісім барлық әскери қақтығыстарды, соның ішінде Ливандағы ұрыстарды да тоқтатуды көздейді. Иранның Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесі де әскери әрекеттер дүйсенбіден бастап толық тоқтатылатынын мәлімдеген.

Трамптың айтуынша, Ормұз бұғазы жұма күні қайта ашылады. Осы хабардан кейін әлемдік мұнай нарығында баға төмендеген: Brent шамамен 4%-ға, ал WTI 4,6%-дан астам арзандаған.

Соған қарамастан, келісім Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін толық шешпейді. Бұл тақырып алдағы 60 күндік бітім кезеңінде талқыланбақ.

Иран тарапы да кең ауқымды келісім аясында санкцияларды жеңілдету және бұғатталған активтерді босату мәселелері қарастырылатынын айтқан.

Reuters деректерінше, келіссөздер барысында Иранның байытылған ураны, ядролық бағдарламаны шектеу және қаржылық активтер мәселелері негізгі талқылау тақырыптарының бірі болмақ.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі