"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақмолалық жиһаз өндірушілері цифрландыруға дайын

Ақмолалық жиһаз өндірушілері цифрландыруға дайын
25 Желтоқсан 2018, 15:12 157 0

Фото: acquaebagno.com

Астана, BAQ.KZ. 26 желтоқсан күні Ақмола облысында жиһаз өндірісінің толық автоматтандырылған өндірісі іске қосылады.

2018 жылы 26 желтоқсанда «KAZYNA-SR» өндірістік компаниясы өндірістік процестерді цифрландырудағы жаңа технологиялар мен инновациялық тәсілдерді, сондай-ақ жаңартылған сәулет-конструкторлық бюроларды пайдалана отырып жаңа цех ашты.

Бүгінде компания жаңа заман талаптарына сай жұмыс істейді. Ал, жиһаз өндірісін цифрландыру аталмыш компанияға заманауи өнімді шығаруға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Корпустар мен бөлшектерді өңдеу және өндіру уақытын айтарлықтай қысқартады, сондай-ақ өндірістегі жұмыс уақытының шығынын да азайтады.

Қазіргі замандағы жиһаз нарығының ерекшелігі, тұтынушы бүгінгі таңда қарама-қайшы міндеттер қояды. Мысалы, «жиһаз жоғары сапалы болуы тиіс, өнім дербестендірілуі керек (пішіндердің, түстердің, функциялардың, аксессуарлардың және т.б) ал, жеткізу мерзімі аз болуы қажет, ең бастысы – баға да төмен болу керек. Ал, мұндай үйлесім жиһаз өндірушілерін қиын жағдайға қояды. Сол себепті де процестердің тиімділігін арттыруға алдыңғы қатарлы технологияларды цифрландыру және енгізу есебінен ғана қол жеткізуге болады.

Жиһазды цифрлы технологиямен өңдеу қазіргі уақытта «Жиһаз 4.0» жаңа термині деп аталады. Осы трендтердің барлығы «Индустрия 4.0» және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қарқын ала бастады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Санжар