KZNEWS.KZ
Қоғам

Ақмола облысында құтқарушылар мыжылған көліктен жүргізушіні аман алып шықты

• Азамат Қойшығара
ТЖД

«Алматы – Екатеринбург» автожолының 135-шақырымында екі автокөлік соқтығысып, ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жол апаты салдарынан соққы қатты болып, жүргізушілердің бірі көлік салонында қысылып қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары дереу құтқару жұмыстарын бастады.

– Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен зақымданған есікті абайлап ашып, зардап шеккен адамға қосымша ауырсыну келтірмеуге тырысты, – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Зардап шеккен азамат жедел жәрдем қызметіне тапсырылып, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →