Ақмола облысында ер адамның аурухана терезесінен құлап көз жұмғанына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды kznews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі дерегінше, мәйіт аудандық аурухана аумағынан табылған.
«Полиция қызметкерлері аудандық аурухананың аумағынан мәйіті табылған науқастың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, психикалық ауытқуы бар ер адам өз-өзіне қол жұмсаған», – деп хабарлады ведомство.
Құзырлы орган өкілдері қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын, тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын атап өтті.
Іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.