Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақмола облысында бөгет бұзылды

Ақмола облысында бөгет бұзылды

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Су Көкшетауға бара жатыр, бірақ мамандар ол далаға таралып кетеді деп отыр

КӨКШЕТАУ, 31 наурыз – Sputnik.  Ақмола облысында түнде Кенесары ауылына жақын маңдағы бөгет бұзылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода жексенбі күні таңертең шұғыл брифинг өтті. Департаменттің мәліметінше, Көкшетаудағы Қылшақты өзені арқылы өтетін Бурабай және Зеренді аудандарының аумағында еріген қар суының негізгі бөлігі жиналып жатыр.

"Бүгін, 2019 жылдың 31 наурызында сағат 04.25-де Кенесары бөгеті бұзылды. Кенесары ауылын су басу қаупі жоқ, су Қылшақты өзені арнасымен облыс орталығынан 17 шақырым жерде орналасқан Иванов бөгетіне қарай жылжып барады", - деп хабарлады департамент.

Кенесары ауылының маңында орналасқан Қылшақты өзеніндегі Кенесары бөгетінің максималды биіктігі – 12,17 метр.  

Кенесары және Иванов бөгеттерінде және Көкшетаудағы Кылшақты өзенінің саласына мониторингтік бақылау постары қойылды.

258 адам, 20 бірлік техника тартылды. Тәулік бойғы режимде жедел штаб Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайын бақылайды.  


sputniknews.kz
Автор
Санжар