Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақмола облысында әскери қызметкер сүйген қызын өлтіріп, тонап кеткен

Ақмола облысында әскери қызметкер сүйген қызын өлтіріп, тонап кеткен

Ақмола облысында әскери қызметкер букмекерлік кеңседегі қарызынан құтылу үшін сүйген қызын өлтіріп кеткен. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


20 жастағы сарбаз сүйіктісінде қомақты ақша бар екенін білген. 200 мың теңге қарыз беруін өтініп үйіне келген. Бірақ қыз қыраз беруден бас тартқан соң, жігіт оны диванға жатқызып, жастықпен тұншықтыра бастаған. Бойжеткен есінен танып қалған соң оны су толтырылған ваннаға сүйреп апарып, батырып жіберген. Қыз көз жұмды.

“Жігіт қыздың алтын бұйымдарын, iPhone телефоны мен 180 мың теңгесі бар әмиянын, құжаттары мен банк картасын алып, шотынан бірден букмекерлік кеңсенің жеке шотына аударған", – Ақмола облыстық ҚАЖ департаментінің хабарламасында.

Сот күдіктіні 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Еске салсақ, бұған дейін желіде күйеуі аяусыз соққыға жыққан Салтанат есімді келіншектің видеосы тарағаны туралы жазған едік.

Автор
Нұрсұлтан