ка

Ақмола облысында 19 үйді су басты: ауыл әкімі сотталды

14.05.2025 04:31
0
83
Ақмола облысында 19 үйді су басты: ауыл әкімі сотталды
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Әкім бөгетті бақылауда ұстауға міндетті болғанымен, қажетті шараларды қабылдамаған.

Атбасар аудандық соты Сергеев ауылдық округінің әкімі Қайрат Қожахметовті қызметіне немқұрайлы қарады деп айыптап, кінәлі деп таныды, деп хабарлайды kznews.kz сайты ORDA порталына сілтеп.

Сот дерегінше, Қожахметов Самарка ауылындағы бөгеттің жағдайына жауапты бола тұра, су өткізу қабілетін арттыру үшін қажетті шараларды қолға алмаған. Есіл бассейндік инспекциясы мен төтенше жағдайлар комиссиясы тарапынан бірнеше мәрте ескерту жасалғанымен, тиісті жұмыстар жүргізілмеген. Соның салдарынан бөгет бұзылып, Самарка ауылын су басып, 19 үйге залал келген. Жергілікті бюджеттен зардап шеккен тұрғындарға 8 миллион теңге көлемінде өтемақы төленген.

Сот Қожахметовке 1,5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Келтірілген залалға қатысты мәселе азаматтық сотта қаралады.

Әлеуметтік желіде Қожахметов тағылған айыптарды әділетсіз деп мәлімдеді.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий