Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақбота Керімбекова Айгүл Иманбаеваның жаңалығымен бөлісті

Ақбота Керімбекова Айгүл Иманбаеваның жаңалығымен бөлісті

Әнші Ақбота Керімбекова жеке парақшасына жазба қалдырып, құрбысы Айгүл Иманбаеваны құттықтады.

  “Айгөлегімді көптен көріп тұрғаным осы. Балалық шағымнан бірге өскен, ештеңеге айырбастамайтын жастық шағымыз бірге өткен құрбым құрлық асып білім алып, елге үлкен серпіліспен оралды. Жеке өміріндегі жаңалықтары да көп. Орамалың құтты болсын, ұлымыз Асёкайды аяқтандырдың, немере сүйіп, әже атандың. Ұлың қазір де үлкен-үлкен жобалармен жұмыс істеп жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін! Біздің үйдегі кіндік баласы Ақан Айгөлегіме ұқсаған еңбекқор, ізденімпаз. Жандарым, бәрі сәтті болсын. “Жақында отбасында жақсы жаңалық болды. Ұлы үйленіп, келін әкелді. Бірақ халыққа жариялаған жоқ. Өйткені Айгүлдің әкесі о дүниелік болған күнімен тұспа-тұс келді. Сондықтан әзірге халық білмейді. Оқуын аяқтап келгеннен кейін үлкен той жасауға ниетті. Біздің қызметте жүретініміз анық. Айгүл – менің екінші ұлым Ақанның өкіл шешесі. Екеуміздің аналарымыз да жақын құрбы. Сол кісілердің сыйластығы Айгүл екеумізді құрбы етті”, – деп жазды.
Автор
Еркебұлан