"Қазақфильм" киностудиясының президенті, белгілі режиссер, продюсер Ақан Сатаев Динара Сәтжанға берген сұхбатында бірінші жары Нәзира Бақаевамен не үшін ажырасқанын ашып айтты деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.
Жүргізушінің "Сіз үлгілі жар, 5 баланың әкесі болдыңыз. 25 жыл бірге тұрдыңыздар. Не үшін ажырастыңыздар? " деген сауалына "Біз Нәзира екеуміз барлығын ойлана келе ажырасу деген ортақ шешімге келдік. Мен ажырасуды қолдамаймын, насихаттамаймын. Бірақ, кейбір жағдайларда бұл дұрыс шешім болып табылады. Нәзира екеуіміз ұрыс-керіссіз үлкен адамдарша бұл шешімді қабылдадық. Әлеуметтік желіде ажырасу туралы ақпаратты бірге бір күнде жарияладық. Әртүрлі қауесеттердің алдын алу мақсатында.
Сөзіне қарағанда, жол соңында жұбайы екеуі бір-біріне бақыт тілеген. – Ал енді бақытыңызды таптыңыз ба? - деген сауалға Сатаев: "Айту қиын, бірақ қазір бізге қолайлы. Махаббат бар деуге болады", - деді.
Киногердің айтуынша, екеуінің ажырасуының себебі қандай да бір сыртқы факторларға байланысты емес. "Барлығы Назира екеуміздің қарым-қатынасымызға байланысты", - деді ол. Ата-анасының екіге кеткеніне балалар да түсіністікпен қараған.
Дәл сол кездері ажырасқан "Томирис" фильмінің бас кейіпкері Альмира Тұрсынға қатысты сұраққа: "Біз Альмира екеуміз доспыз. Бір-бірімізді құрметтейміз. Бізде ортақ көп нәрсе бар" деп жауап берді.
https://www.youtube.com/watch?v=AK6egOvM9OE