KZNews.kz
Жаңалықтар

"Апам жанымда": Олжас Абай мен Дариға Бадықова АҚШ-қа аттанды (ФОТО)

Қайсар Қанат
SN.kz коллажы

Танымал актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай алыс сапарға аттанғандарын әлеуметтік желі арқылы бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz.

Өнер иелері бала күннен армандаған Америкаға жолға шыққанын жазған. Бейнежазбада олардың ұшаққа отырар алдындағы сәті көрсетілген.

Олжас Абай сапар жайлы әсерін бөлісіп:

"Бала кезден армандаған Америкаға ұшып бара жатырмыз. Апам жанымда. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өзім алып бара жатырмын", – деді.

Желі қолданушылары актер мен актрисаның сапарына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін қалдырды.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →