"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әнуар Нұрпейісов табылды

Әнуар Нұрпейісов табылды
Бір айға жуық уақыт бойы әлеуметтік желіге шықпаған актер жазба жариялады
Актер Әнуар Нұрпейісовті әлеуметтік желідегі оқырмандары үш апта бойы іздеген болатын. Нұрпейісов 2019 жылдың 4 маусымынан бастап хабарсыз кетті. Дәл осы уақытта желіде актер ұйымдастырған #Менояндым флешмобы тарала бастаған еді. Сайлау қарсаңында жарияланған видеода танымал жастар Қазақстанда нені өзгерту керектігін айтады.

"Мен дін аманмын. Алайда екі адам болмағанда бәрі мүлдем басқаша болар еді. Оларға 5 маусым күні кешке көрсеткен көмектері үшін алғысымды білдіремін. Мен қазір Қазақстандағы қауіпсіз жердемін. Оның қайда екенін жақындарым да білмейді. Менің қайда екенімді туыстарым арқылы анықтағысы келетіндерге бұдан түк шықпайды деп айтамын", - деп жазды Нұрпейісов.

Ол 5 маусым күні не болғанын кейінірек айтатынын жеткізді.
sputniknews.kz
Автор
Әлихан