Көршілер бірнеше рет ескерткен: Ақтауда екі жасар бала көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Антисептиктен уланып 7 адам қайтыс болды, 2 адамның жағдайы ауыр

Антисептиктен уланып 7 адам қайтыс болды, 2 адамның жағдайы ауыр

Ресейдің Свердлов облысында өндірілген антисептиктен 7 адам уланып, қайтыс болды. Қайғылы жағдай Якутияда болған – деп хабарлайды «РИА-Новости».

Ресейліктер 5 литр антисептикті дүкеннен сатып алып, ішімдік ретінде пайдаланған. Антисептик ішкен 7 адам уланып, қайтыс болған, бір әйел мен ер адам ауыр халде ауруханада жатыр.

Ажалды антисептикті ИП Калинин өндірген. Қазір бұл өнім саудадан алынуда, ал оның Ресеймен көршілес мемлекеттерге экспорталғаны туралы ақпарат жоқ.

Дәрігерлер антисептикті ішімдік ретінде пайдалануға мүлде болмайтынын ескертеді. Өйткені оның құрамындағы изопропил спирті алкогольді ішімдіктерде болатын этанолға қарағанда 3,5 есе улы.

Бір ескерерлігі, қазір коронавирус пандемиясы басталғалы, антиксептиктерді әзірлеп, сататындар Қазақстанда да көбейді. Құрамында улы химиялық заттар болғандықтан бұл өнімді абайлап қолданған жөн.

Автор
Еркебұлан