Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Антикор қазақстандық шенеуніктерді түрмедегі өмірмен таныстыруда

Антикор қазақстандық шенеуніктерді түрмедегі өмірмен таныстыруда

Антикор қызметкерлері мемлекеттік қызметшілерді профилактикалық мақсатта тергеу изоляторлары бойынша экскурсияға апаруда.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа әдістемесі туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов айтып берді. Дұрыс құндылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру үшін мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік компаниялардың қызметкерлері ерекше экскурсияларға барады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері профилактика мақсатында тергеу изоляторлары бойынша мемлекеттік қызметшілерге тұрақты негізде экскурсиялар өткізеді. Профилактикалық экскурсияларға қатысушыларға тергеу кабинеттері, қылмыскерлерге арналған камералар, тұтқындардың серуендеуге арналған орындары көрсетіледі", - деді Арман Тілеукенов.

Оның айтуынша, тергеу изоляторына экскурсиялар арқылы мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік компаниялардың қызметкерлері "бас бостандығынан айыру мекемелерінде болудың ауырлығын сезіне алады" және сыбайлас жемқорлық пен өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардың салдары туралы көбірек біле алады.
Автор
Нұрсұлтан