Танымал әнші Жігер Ауыпбаев “1001 түн” бағдарламасына берген сұхбатында сүйіктісі жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесінің сүйіктісі 2003 жылы дүниеге келген, қазір 23 жаста. Олардың қарым-қатынас бастағанына біршама уақыт болған. Әнші тіпті ғашығының ата-анасымен танысып қойған көрінеді.
Ол “Кішкентай қыз” деген әнді де аруына арнаған.
“Ата-анасымен де таныстым. Ол екеуміз қыз-жігіт сияқты махаббат болып жүрміз. Негізі менің жанымда кім тұрса да, кішкентай болады, себебі менің бойым 195 сантиметр. Жаныма тіпті 170, 180сантиметрлік адамдар келіп тұрса да сол. Ал оның бойы 165 сантиметр шамасында, бәрібір кішкентай болып тұрады. Адамның бойына қарайтын болсам, өмір бойы бойдақ болып өтетін сияқтымын. Сондықтан ойына, тәрбиесіне қарап, сөйлесіп жүрміз. Ал “Кішкентай қыз” деген әнді сол қызға арнадым”, – деді ол.