Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде елге аман-есен оралғанын хабарлап, көпшілікке алғысын білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі Instagram парақшасында бейнежазба жариялап, сапардан сәтті оралғанын жеткізді. Оның айтуынша, барлығы Алланың қалауымен болған.
“Аллаға шүкір, елімізге аман-есен оралдық. Барлығы Алланың қалауымен болды. Әр кез тілекші болып, уайымдап хабарласып жатқан барша жанға үлкен рақмет. Алла баршамызды амандықта, тыныштықта ұстасын”, – деп жазды Жазира Байырбекова.
Еске салайық, бұған дейін Жазира Байырбекова мен Жанболат Дубайда қалып қойғаны туралы ақпарат тараған еді. Сол кезде әнші өздерінің жағдайына алаңдап, хабарласып жатқан жұртқа алғыс айтып, елге оралу мәселесі көпшіліктің назарында болған.
Бұл жолғы жазбада Жазира Байырбекова елге аман жеткенін айтып, өзіне тілекші болған оқырмандарына ризашылығын жеткізді. Желі қолданушылары да пікір қалдырып, әншінің отбасына амандық тілеп жатыр.