Jah Khalib, құлыптаулы телефондар және жабық афтерпати: Назарбаев Астанада ұлын үйлендірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әнші Қыдырәлі Болман жұбайына әсерлі жазба арнады

Әнші Қыдырәлі Болман жұбайына әсерлі жазба арнады
Фото: ашық дереккөзден

Белгілі әнші Қыдырәлі Болман әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайына арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі отбасылық өміріндегі маңызды күндердің бірін еске алып, жұбайымен ақ некесін қиған сәті туралы жазды.

"20-тамыз, қасиетті жұма күні Алматының орталық мешітіне барып, ақ некемізді қидырдық…. "Ей мейірімді Алла, өзің қостың, енді өзің екеумізді ажыратпа! Бақыт бер, арамызға адалдық, ынтымақ-бірлік бер, бірлігімізге береке бер" деп тілеген күніміз бүгін. Аллаға сансыз мадақ! Алла бере салғандарымды тоғыз ай көтеріп, әрқайсын өмір мен өлімнің арасында айқасып, дүниеге келтіретін ардақты аналарымызды ардақтай алу да – бір бақыт!"

Қыдырәлі Болман жазбасында жарына деген алғысын білдіріп, оны өмірлік серігі әрі балаларының анасы ретінде ерекше атап өтті.

"Асыл жарым, өмірлік серігім, балапандарымның анасы – Қақатыма да ризалығым шексіз! Жақсы көремін, жан-жарым. Алла ұзағынан сүйіндірсін! Ең үлкен бақыт – балаларымыздың бақытын көрсетсін! Шүкір етеміз!"

Әнші сөз соңында оқырмандарына да отбасылық бақыт пен амандық тіледі.

"Сіздерге де бақыт-береке, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Мемлекетіміз, еліміз, жеріміз аман болсын!" – деп жазды өнер иесі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер