Шоу-бизнес

Әнші Луина мәдениет үздігі атағына ие болды

Әнші Луина мәдениет үздігі атағына ие болды
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық танымал әнші Луина Қырғыз Республикасының мемлекеттік марапатына ие болды. Өнер иесіне «Қырғыз Республикасының мәдениет үздігі» атағы Бішкекте өткен ұлы ақын Жуммамудун Шералиевтің 110 жылдығына арналған концерт кезінде табысталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әнші бұл жаңалықты өз парақшасында бөлісіп, марапатты зор құрмет пен жауапкершілік деп атады. Луинаның айтуынша, аталмыш концерт — тек мәдени шара емес, қазақ пен қырғыз халықтарының бауырластық рухын, ортақ мәдени мұрасын дәріптеген маңызды оқиға болған.

«Бұл мен үшін үлкен абырой. Бұл марапат — ең алдымен, екі халық арасындағы рухани байланыс пен өзара құрметтің белгісі. Қырғыз елі мен халқының жылылығы, мәдениетке деген сүйіспеншілігі әрдайым шабыт береді», — деді Луина.

Әнші бұған дейін де қырғыз өнерпаздарымен бірнеше бірлескен жоба жасап, аймақтық фестивальдер мен мәдени іс-шараларға қатысып келген.

Концерт соңында Луинаға ақын Шералиевтің отбасы мен қоры атынан арнайы естелік медаль табыс етілді. Өнер иесі бұл сәтті өзінің шығармашылық жолындағы ең маңызды әрі есте қаларлық оқиғалардың бірі деп атап өтті.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz