Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әнші Бағлан Әбдірайымов желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады (ФОТО)

Әнші Бағлан Әбдірайымов желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады (ФОТО)
ашық дереккөзден

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов марқұм досы Нәби Аймұратовты еске алып, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі досына деген сағынышын жеткізіп, өткен күндерді еске алды.

"Өмір деген осы екен. Сен кеткенде жыладық. Қимай, ұзақ уақыт ұмыта алмай жүрдік. Әніңді естісек көңіліміз босап кететін. Қызылордаға барсақ үйіңе соғып, ата-анаңа сәлем беріп, Құран бағыштап қайтатын едік. Достарың көп еді. Өзің жұлдыз едің, жарық едің. Бірақ уақыт бәрін өз ағысымен алып кетті. Бәрі де артта қалды. Тіпті кейде еске алмайтын күндер де көбейді. Өмір өтіп жатыр. Жаның жәннатта болсын, досым. Кешір бізді... Өлмейтіндей жүргеніміз үшін кешір", – деп жазды әнші.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер