Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Досым, кешір бізді”: Бағлан Әбдірайымов марқұм Нәби Аймұратовтан кешірім сұрады

“Досым, кешір бізді”: Бағлан Әбдірайымов марқұм Нәби Аймұратовтан кешірім сұрады
Фото: әлеуметтік желіден

«Жігіттер» тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымов марқұм әріптесі Нәби Аймұратовты еске алып, әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырды. Өнер иесі досын сағынышпен еске алып, оған кешірім сұрағанын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Өмір деген осы екен. Сен кеткенде жыладық. Қимай, ұзақ уақыт ұмыта алмай жүрдік. Әніңді естісек көңіліміз босап кететін. Қызылордаға барсақ, үйіңе соғып, ата-анаңа сәлем беріп, Құран бағыштап қайтатын едік. Достарың көп еді. Өзің жұлдыз едің, жарық едің. Бірақ уақыт бәрін өз ағысымен алып кетті. Бәрі де артта қалды. Тіпті кейде еске алмайтын күндер де көбейді. Өмір өтіп жатыр. Жаның жәннатта болсын, досым. Кешір бізді... Өлмейтіндей жүргеніміз үшін кешір», – деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Жазбаның соңында әнші өмірдің өткіншілігі мен достықтың қадірі туралы ой бөліскен. Оның бұл сөзі желі қолданушыларының жүрегіне жетіп, көпшілік марқұм өнер иесін еске алып, жылы пікірлер мен дұға-тілектерін жазды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.