KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Әнші Төреғали Төреәлінің балаларымен қауышқан сәті елдің жүрегін елжіретті

Айжан Сыланова
Фото: коллаж sn.kz

Көптен бері көрінбей кеткен әнші Төреғали Төреәлі көпті қуантты, деп хабарлайды kznews.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Өнер иесі тосын сый жасап үйіне айтпай кіріп келген. 

Оны көрген балалары құшақтай жөнелді. 

Әкелерімен сағынысып көріскен сәт оқырмандардың жүрегін елжіретті. 

"Қандай керемет сәт", "Жандарым", "Тіл-көзден аман болсын", "Көпбалалы әке", "Кәусар да әкесінің алдынан жүгіріп шықсын", "Балаларының қызығын көрсін", - деп жазды көпшілік. 

Айта кетейік, оқырмандардың айтуынша Төреғали Төреәлі біраз уақыт қабылдаған емнен кейін оралған. 

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →