KZNews.kz
Шоу-бизнес

Әнші Тамара Асардың ұлы Әлішер қайтыс болды

Ayzhan Sylanova
Фото: tamara_asar_official инстаграм парақшасынан

Қаралы хабарды Қостанай облысы Наурызым ауданының әкімі Мәди Өмірзақұлы Ихтиляпов жеткізді.

«Белгілі кәсіпкер Жұмаш Бекмырза мен оның жұбайы Тамара Асардың ұлы Әлішердің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қазаға ортақтасып, туған-туыстарына сабыр тілеймін. Алла тағала марқұмның жанын жәннаттан қылсын, артында қалғандарына күш-қуат берсін», – деп жазды әкім.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Тамара Асар жолдасының алғашқы некесінен туған ұлын туған күнімен құттықтап, Instagram парақшасында жүрекжарды жазба жариялаған болатын.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары