KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Әнші Сәкен Майғазиев қызметінен кетті

• Айбар

Сәкен Майғазиев "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" МКҚК директоры қызметінен өз еркімен босатылды.

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Instagram желісіндегі shymkent_culture парақшасында Майғазиевтің мұндай шешім қабыладауын шығармашылық жұмыстарының көбейуі себеп болғанымен түсіндіріпті. Шымкент қалалық мәдениет үйі Шәмші әндерінің концерті үшін ЦиMediaGroup деп аталатын ИП-мен 60 млн теңгеге келісімшарт жасасыпты. Майғазиев директор болып тұрғанда. Тендерді бір көзден алған компанияның мемлекеттік тіркеуден өткен күні - 2021 жылдың 14 шілдесі (Мемсатыпалу порталының мәліметі). Ал Шәмші әндеренің концерті үшін келісімшарт процесі басталған күн - 16 шілде. Демек, Шымкент қалалық мәдениет үйі тіркелгеніне екі-ақ күн болған компанияға 60 млн теңгелік тендер берген. Бұл туралы журналист Мият Кәшібай жазды.
Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →