Қазақстандық әнші Луина қуанышты жаңалығын жанкүйерлерімен бөлісті. Өнер иесі екінші сәбиін дүниеге әкелді. Әнші ұлына Дени есімін бергенін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Айта кетейік, Луина мен Артем бұған дейін де бір баланы тәрбиелеп отыр. Олардың тұңғыш ұлы Давид 2020 жылдың тамыз айында дүниеге келген. Енді отбасындағы қуаныш еселеніп, ерлі-зайыпты екі баланың ата-анасы атанды.
Еске сала кетейік, әнші биыл мамыр айында екінші сәбиін күтіп жүргенін хабарлаған болатын. Ол әлеуметтік желіде жүктілігіне байланысты әсерлі видео жариялап, жанкүйерлеріне сүйінші жаңалығын жеткізген еді.