Әнші Әли Оқапов әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне дисфония диагнозы қойылғанын айтты. Бұл дертпен 5 жыл бойы күресіп келе жатқан Әли өлең айтқанда даусының қарлығып қала беретінімен бөлісті.
"Қандай жағдай болмасын, мен өзіме сенемін және жаттығулар көмектеседі деп үміттенемін", - деп жазды ол.
Қарлығу, дисфония - дауыстың бұзылуы, бәсеңдеуі. Бұл - көмекейдің өткір, созылмалы аурулары салдарынан дыбыс жалғамаларының зақымдалуымен аяқталатын әр түрлі кеселдер.