KZNews.kz
Қоғам

“Аңқау елге арамза молда” - Желі қолданушылары Нұрлан имамды сынап тастады

Ayzhan Sylanova
Фото: ютуб скриншот

Ол өзінің парақшасында имамның тікелей эфирін сынап, “1,4 мың адам тыңдап отыр, ал ‘Әке тұрып бала сөйлегеннен без’ деген сөздің мағынасын қате түсіндірді” деп жазды. Имам бұл сөздің мағынасын "бала есейгендігінің белгісі" деп қысқа қайырған.

 Автордың пікірінше, діни әңгімелерге уақыт жұмсағанша тарихи және рухани мазмұндағы еңбектерді тыңдаған әлдеқайда пайдалы.

“Маужыраған маубастардың діни ертегіні тыңдағанына қаным қарайды”, — деп түйіндеді ол жазбасын.

Бұл жазба астында пікір қалдырғандардың басым бөлігі де Нұрлан имамды сынға алып, “аңқау елге арамза молда болып көрінгісі келеді” деген секілді пікірлер қалдырған.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары