ка

Анасының көлігін мінген қызылордалық жеткіншек 22 жастағы қызды қағып өлтірді

13.01.2019 13:15
0
2
Қызылордада жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді Хабар 24-сілтеме жасаған nur.kz хабарлайды.

2018 жылы 28 желтоқсанда кәмелет жасына толмаған бала көлікпен жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

"Автокөлік кінәлі адамның анасына тиесілі. Сол күні ол ата-анасының рұқсатынсыз көлікпен қалаға шығып, 22 жастағы қызды қағып кеткен. Жасөспірім зардап шеккен адамды көлігіне салып, ауруханаға жеткізген. Алайда ол 1 қаңтарда алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Жасөспірім өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта ол анасының қарауына берілді", - делінген хабарламда.


Аталған істің тергеу шаралары Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған.

"2018 жылы 28 желтоқсан күні Қызылорда қаласында болған жол-көлі оқиғасы дерегі бойынша Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-тармағы және 349-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталуда. Тергеу жұмыстары полиция департаменті басшысының және облыс прокурорының ерекше бақылауында", - делінген хабарламада.


Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий