KZNews.kz
Шоу-бизнес

Анасы және төрт әпкесімен ән салған Жазира Байырбекова елді тәнті етті - новости Казахстана

KZNEWS

Анасы мен туған әпкелеріне қосыла ән шырқаған Жазира Байырбекова елді сүйсінтті. Әнші отбасылық видеоны Instagram парақшасына жүктеген деп жазады NUR.KZ.

Жазира Байырбекова. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

"Естелікке суретке түсіп жатыр едік, анам ән айтқысы келіп кетті. Анам біздің үйге келгенде, бес қызы жиналып қалды. Екі кенже қызы келе алмады", - деді Жазира Байырбекова.

Айта кетейік, бұл видеоға желі қолданушылары жағымды пікір қалдырып, тіпті әншіге қызығып отырғандарын жасырмады.

"Алла анаңызға немере-шөберенің қызығын көруді жазсын", "Бір-бірінен өткен сұлу екенсіздер", "Анаңыз қандай бақытты жан", "Қандай керемет көрініс".

"Анаңыз жап-жас қой. Жеті қыз, екі ұл туған адамға ұқсамайды", "Бауырларыңыз, анаңыз жаныңызда. Мұнан артық қандай бақыт керек" деп жарыса пікір қалдырды.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары