"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Аналары «жүргіш»: ерекше балаларды қорлаған блогер полицияға жеткізілді

«Аналары «жүргіш»: ерекше балаларды қорлаған блогер полицияға жеткізілді

Оның үстінен әкімшілік іс қозғалған

Интернет-кеңістігінде блогердің ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз және қорлайтын сөздер айтылған видеосы таралу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп жазады Azattyq Ryhy.

«Видеоның авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі. Астана қаласының полиция департаменті желіде адамның жеке басына қатысты балағат, қорлау сипатындағы сөздер айтып, тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеліп соқтыратынын ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Гүлнәр Оразалина атты блогердің мәлімдемесі ерекше баласы бар аналардың шамына тиіп, олар ұжымдық арыз берген еді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.