Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Аналары емізіп отырып, ұйықтап қалған: Павлодар облысында бір аптада екі сәби көз жұмды

Аналары емізіп отырып, ұйықтап қалған: Павлодар облысында бір аптада екі сәби көз жұмды

Павлодар облысында бір аптада екі сәби аналарының қателігінен көз жұмды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Оқыс оқиғалар туралы Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері хабарлады.

"20 тамыз күні 28 күндік нәресте көз жұмды. Анасы түнде тамақтандыру кезінде ұйықтап қалып, кеудесімен басып қалған", – дейді Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жұлдыз Шахитдинова.

Ал екінші жағдай 14 тамыз күні болған.

“Нәресте екі ай жеті күндік болған. Шала туылғандықтан салмағы аз. Анасы емізіп жатып ұйықтап қалған. Таңертеңгі сағат 03:15-те әйел оянғанда нәрестені өлі күйінде болған", – дейді дәрігер.

Еске салсақ, бұған дейін алматылық келіншектің сәбиінің өліміне перзентхана қызметкерлерін кінәлағаны туралы жазған едік.

Автор
Еркебұлан

Журналист